Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 2 · 2025

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДӘРІГЕРЛІК ҚҰПИЯ: НАҚТЫ ЖЕКЕ ӨМІРДІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ МА?

Аңдатпа

Кіріспе. Дәрігерлік құпия – пациенттің жеке деректерін қорғаудың және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі. Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің цифрлануы және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің кеңеюі аясында медициналық мәліметтердің құпиялылығын сақтау мәселесіне қатысты жаңа сын-қатерлер туындауда. Мақсаты. Бұл мақала Қазақстан Республикасында дәрігерлік құпия институтының құқықтық реттелуін талдау, заңнамалық олқылықтар мен медициналық деректердің құпиялылығына төнетін қауіптерді анықтау, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Материалдар мен әдістер. Зерттеуде салыстырмалы-құқықтық талдау, жүйелі және нормативтік әдістер қолданылып, қолданыстағы нормалардың халықаралық стандарттарға (GDPR, HIPAA) сәйкестігі бағаланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және сот практикасына контент- талдау жүргізілді. Нәтижелер. Қазақстан заңнамасы дәрігерлік құпияны формалды түрде қорғауды қамтамасыз етеді, алайда пациенттің келісімінсіз мемлекеттік органдарға медициналық деректерді сұратуға мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктер де бар. Негізгі мәселелердің қатарына ұлттық қауіпсіздік критерийлерінің нақтыланбауы, цифрлық медициналық деректер базасына қолжетімділіктің жеткіліксіз реттелуі және пациенттерге олардың деректерінің үшінші тұлғаларға берілуі туралы хабарламаудың тиімді тетіктерінің жоқтығы жатады. Сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйелердің киберқауіпсіздік деңгейінің төмендігі және пациенттердің өз құқықтары туралы жеткіліксіз хабардар болуы ақпараттың сыртқа таралу қаупін арттыратыны анықталды. Қорытынды. Қазақстанда медициналық құпияны қорғау деңгейін арттыру үшін бірнеше бағыттар бойынша реформалар қажет: медициналық деректерді жария ету туралы сұрау салуларға сот бақылауын күшейту, оларды заңсыз таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту, ашықтық пен пациенттерді хабардар ету тетіктерін енгізу, киберқауіпсіздік стандарттарын жетілдіру. Медициналық қызметкерлерге арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және пациенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру да медициналық құпияны сақтау институтын нығайту және оны цифрлық дәуірге бейімдеу жолындағы маңызды қадамдар болып табылады.

Түйінді сөздер

дәрігерлік құпияжеке деректерқұпиялылықкиберқауіпсіздікжеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығыҚазақстанденсаулық сақтаудың цифрлануымедициналық ақпаратқұқықтық реттеу
Дәйексөз келтіру үшін
С.Т. ИКСАТОВА, Б.Ш. БЕКБАТЫРОВ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДӘРІГЕРЛІК ҚҰПИЯ: НАҚТЫ ЖЕКЕ ӨМІРДІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ МА?. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 73(2). doi: 10.53065/kaznmu.2025.73.2.006