Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 4 · 2024
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ДИАГНОСТИКАЛАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ ЖӘНЕ МЕТА- АНАЛИЗ
Аңдатпа
Кіріспе. Сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады, және оны ерте диагностикалау клиникалық нәтижелерді жақсартуда және өлім-жітімді төмендетуде маңызды рөл атқарады. Сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауда жасанды интеллект (ЖИ) әдістерін қолданудың тиімділігін бағалау және 2010 жылдан 2023 жылға дейін жарияланған бірнеше зерттеулер деректеріне негізделген диагностикалық дәлдік бойынша мета- анализ жүргізу. Материалдар мен әдістер. Жүйелі шолу PRISMA нұсқауларына сәйкес жүргізілді. Әдебиеттерді іздеу PubMed, Scopus және Web of Science дерекқорларында «сүт безі қатерлі ісігі», «жасанды интеллект», «машиналық оқыту» және «терең оқыту» тақырыптарын қамтитын кілт сөздер мен MeSH терминдерінің комбинацияларын пайдалана отырып жүзеге асырылды. Мета-анализге сезімталдық, ерекшелік және ROC қисығы астындағы аудан (AUC) көрсеткіштерін пайдалана отырып, ЖИ әдістерінің диагностикалық дәлдігін бағалаған 24 зерттеу енгізілді. Деректердің статистикалық талдауы кездейсоқ әсерлер моделін пайдаланып жүргізілді, ал зерттеулердің сапасы QUADAS-2 құралы арқылы бағаланды. Нәтижелер. ЖИ әдістері үшін AUC мәндерінің диапазоны 0.80-ден 0.96-ға дейін болды, бұл олардың жоғары диагностикалық дәлдігін көрсетеді. Ең жоғары көрсеткіштер McKinney және т.б. (2020) (AUC = 0.95, 95% СД: 0.92–0.98) және Ribli және т.б. (2018) (AUC = 0.95, 95% СД: 0.93–0.98) зерттеулерінде көрсетілді. Нейрондық желілер (CNN) барлық әдістер арасында ең жоғары дәлдікті көрсетті. Зерттеулер арасындағы деректердің гетерогенділігі айтарлықтай болып, бұл сезімталдық талдауын және гетерогенділіктің көздерін анықтау үшін метарегрессиялық талдауды жүргізуді талап етті. Қорытынды. ЖИ әдістері сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауда үлкен әлеуетке ие, олар жоғары сезімталдық пен ерекшелікті көрсетеді. Дегенмен, болашақ зерттеулер нәтижелердің қайталанымдылығын жақсартуға, тәсілдерді стандарттауға және алгоритмдердің медициналық тәжірибеде қауіпсіз әрі тиімді қолданылуын қамтамасыз ету үшін олардың ашықтығын арттыруға бағытталуы тиіс.
Түйінді сөздер
сүт безі қатерлі ісігіжасанды интеллекттерең оқытусверточтық нейрондық желілердиагностикалық дәлдікмета-анализмашиналық оқыту
А.Б. ШЕРТАЕВА, Д.А. ОСПАНОВА, И.А. ЛЯЛЬКОВА, С.Д. УӘЛИЕВ, П.А. ЕЛЯСИН, А.Ж. АБДРАХМАНОВА, А.М. КОНДЫБАЕВА, Б.Д. ТАНАБАЕВ. СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ДИАГНОСТИКАЛАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ ЖӘНЕ МЕТА- АНАЛИЗ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2024; 71(4). doi: 10.53065/kaznmu.2024.71.4.004