Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 2 · 2026
АДАМ ҰРЫҒЫНЫҢ ӨКПЕ ФИБРОБЛАСТТАРЫН ЛЕНТИВИРУСТЫҚ ЖӘНЕ СЕНДАЙ ВИРУС ЖҮЙЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ПЛЮРИПОТЕНЦИЯҒА ДЕЙІН ҚАЙТА БАҒДАРЛАМАЛАУ
Аңдатпа
Кіріспе. Индукцияланған плюрипотентті дің жасушалары (iPSCs) ауруларды модельдеу және регенеративті медицина үшін үлкен мүмкіндіктер береді, алайда репрограммалау тиімділігі мен қауіпсіздігі Яманака факторларын (OCT4, SOX2, KLF4, c-MYC) жеткізу үшін қолданылатын әдіске байланысты. Лентивирустық векторлар жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді, бірақ инсерциялық мутагенез қаупін тудыруы мүмкін, ал интеграцияланбайтын Сендай вирусы жүйелері трансгендердің уақытша экспрессиясын қамтамасыз етеді. Мақсаты. Бұл зерттеудің мақсаты бастапқы адам өкпе фибробластарын доксициклин-индукцияланатын лентивирустық векторлар және интеграцияланбайтын Cендай вирусы жүйесі арқылы репрограммалау негізінде екі кеңінен қолданылатын жеткізу екі стратегиясын салыстыру. Материалдар мен әдістер. Бастапқы адам ұрығының өкпе фибробласттары (жүктіліктің 20–21 аптасы) экспланттық культура әдісі арқылы бөлініп алынды және OKSM факторларын кодтайтын доксициклин-индукцияланатын лентивирустық векторлар немесе Сендай вирусына негізделген жинақ (CytoTune 2.0) көмегімен репрограммаланды. Пайда болған iPSC колониялары кеңейтіліп өсірілді және плюрипотенттілік маркерлеріне (SSEA4, OCT4, TRA-1-60) арналған иммунофлуоресценция және сілтілік фосфатаза (ALP) белсенділігі бойынша сипатталды. Нәтижелер. Екі әдіс те типтік морфологиясы бар iPSC колонияларын қалыптастырды: ықшам құрылым және ядро-цитоплазмалық қатынастың жоғары болуы. Колониялардың пайда болуы лентивирустық және Сендай вирусы арқылы репрограммалау жүйелерінде 15–20-күндері байқалды. Иммунофлуоресценция екі тәсілмен алынған колонияларда SSEA4, OCT4 және TRA-1-60 экспрессиясын растады, сондай-ақ ALP боялуы оң нәтиже көрсетті. Қорытынды. Бастапқы адам ұрығының өкпе фибробластарын интеграцияланатын лентивирустық және интеграцияланбайтын Сендай вирусы жүйелерін қолдану арқылы iPSC-ке қайта программалауға болады. Екі әдіс те тиісті сипаттамалары бар тұрақты iPSC желілерін алуға мүмкіндік береді. Әдісті таңдау тиімділік пен геномдық қауіпсіздік арасындағы қажетті теңгерімге байланысты.
Түйінді сөздер
өкпе фибробласттарыиндукцияланған плюрипотентті дің жасушаларылентивирусСендай вирусықайта программалау
Ш.НҰРЖАН, Д.ӘЖІБЕК. АДАМ ҰРЫҒЫНЫҢ ӨКПЕ ФИБРОБЛАСТТАРЫН ЛЕНТИВИРУСТЫҚ ЖӘНЕ СЕНДАЙ ВИРУС ЖҮЙЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ПЛЮРИПОТЕНЦИЯҒА ДЕЙІН ҚАЙТА БАҒДАРЛАМАЛАУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 77(2). doi: 10.53065/kaznmu.2026.77.2.006