Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 1 · 2026
ТРОМБОЗЫ КЕЗІНДЕГІ МАКУЛЯРЛЫҚ ІСІНУІ БАР ПАЦИЕНТТЕРДЕ БАҒАЛАУ
Аңдатпа
Кіріспе. Неоваскулярлы жасқа байланысты макулярлық дегенерация, диабеттік макулярлық ісіну және торқабық венасының окклюзиясына байланысты макулярлық ісіну орталық көрудің тұрақты төмендеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Фарисимаб – VEGF–A және Ang–2–ні бір мезгілде тежейтін алғашқы биспецификалық препарат, бұл нақты клиникалық тәжірибеде айқын анатомиялық және функционалдық әсер беруі мүмкін. Мақсаты. Неоваскулярлы жасқа байланысты макулярлық дегенерациясы (нЖБМД), диабеттік макулярлық ісінуі (ДМІ) және торқабық венасының тромбозына байланысты макулярлық ісінуі (ТВТ) бар пациенттерде фарисимабтың (6 мг/0,05 мл) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеуге бұрын тамырлық эндотелий өсу факторының тежегіштерімен (ТЭӨФТ) интравитреалды ем алмаған 12 пациент қатысты: әр когортада 4 пациенттен (нЖБМД, ДМІ, ОТВТ). Барлық пациентке Фарисимабтың (6 мг) төрт ай қатарынан ай сайын интравитреалды инъекциясы жасалды; ең жоғары түзетілген көру өткірлігі (ЕЖТКӨ) және орталық торқабық қалыңдығы (ОТҚ) бағаланды. Нәтижелер. ОКТ деректері бойынша жүктемелік фазадан кейін барлық топтардағы барлық пациенттерде макулярлық ісінудің айқындылығы төмендеді. Жалпы топта ЕЖТКӨ 0,23 ± 0,22–ден 0,56 ± 0,34–ке дейін артты (p = 0,016). Торқабықтың орталық қалыңдығы 503 ± 129 мкм–ден до 328 ± 76 мкм–ге дейін төмендеді (p = 0,003). Инъекцияларға байланысты асқынулар тіркелмеді. Қорытынды. Жүктемелік фазадан кейін Фарисимаб функционалдық және анатомиялық жақсарудың ерте белгілерін көрсетті және қауіпсіздік профилі қолайлы болды.
Түйінді сөздер
ылғалды жасқа байланысты макулярлық дегенерациямакулярлық ісінудиабеттік ретинопатияторқабық венасының окклюзиясыкөз ішіне инъекция
Н.А. АЛДАШЕВА, Э.Г. КАНАФЬЯНОВА, Л.Н. ОРАЗБЕКОВ, К. РУСЛАНУЛЫ, Д.Р. КЫРЫКБАЕВ, А.Ж. ДАУТАЛИЕВА, З.Т. УТЕЛЬБАЕВА. ТРОМБОЗЫ КЕЗІНДЕГІ МАКУЛЯРЛЫҚ ІСІНУІ БАР ПАЦИЕНТТЕРДЕ БАҒАЛАУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 76(1). doi: 10.53065/kaznmu.2026.76.1.002