Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 1 · 2026
КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӘЖІРИБЕДЕГІ МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ОҚИҒАЛАРДЫ ХАБАРЛАУ ПРАКТИКАСЫ
Аңдатпа
Кіріспе. Қолайлы кәсіби орта – кеңейтілген тәжірибедегі мейіргерлердің тиімділігіне, уәждемесіне және еңбекке қанағаттануына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Еңбек жағдайларының сапасы олардың дербестігіне және жағымсыз оқиғалар туралы хабарлау дайындығына тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын Мақсаты. Кеңейтілген тәжірибедегі мейіргерлердің кәсіби клиникалық ортасына қатысты көзқарастарын бағалау және еңбек жағдайлары мен жағымсыз оқиғалар туралы хабарлау дайындығы арасындағы байланысты зерттеу. Материалдар мен әдістер. Алматы қаласының қалалық емханаларында жұмыс істейтін 77 кеңейтілген тәжірибедегі мейіргер арасында сипаттамалық көлденең зерттеу жүргізілді. Деректер Revised Professional Practice Environment (RPPE) және Reporting of Clinical Adverse Events (RoCAES) шкалалары арқылы жиналды. Статистикалық талдау SPSS 29.0 бағдарламасында χ² және Фишердің дәл критерийін қолдану арқылы жүргізілді, маңыздылық деңгейі p < 0,05. Нәтижелер. Респонденттер өздерінің кәсіби ортасын жалпы алғанда оң бағалады. Ең жоғары орташа көрсеткіштер «Клиникалық тәжірибедегі көшбасшылық және кәсіби дербестік» (3,0) және «Ішкі мотивация» (3,0) шкалалары бойынша анықталды, бұл мейіргерлердің жоғары деңгейдегі кәсіби жауапкершілігі мен жұмысқа тартылуын көрсетеді. Төменірек көрсеткіштер «Командалық жұмыс» (2,5) және «Қақтығыстарды басқару» (2,7) шкалаларында байқалды, бұл әртүрлі мамандар арасындағы өзара әрекеттестікте қиындықтардың бар екенін көрсетеді. Мейіргерлердің басым бөлігі жағымсыз оқиғалар туралы хабарлауға оң көзқарас білдірді, әсіресе рәсімдердің айқындығы мен басқарушылық қолдауға қатысты (орташа мәні = 2,9). «Науқастармен клиникалық коммуникация» қосалқы шкаласы мен жағымсыз оқиғаларды хабарлау арасында статистикалық тұрғыдан мәнді байланыс анықталды (p = 0,046), бұл ретте коммуникация деңгейі төмен мейіргерлер жағымсыз оқиғалар туралы жиі хабарлаған. Қорытынды. Қолдаушы кәсіби орта мейіргерлердің уәждемесімен, дербестігімен және көшбасшылық қасиеттерінің жоғары деңгейімен байланысты. Алайда кәсіби орта факторлары мен жағымсыз оқиғаларды хабарлау арасындағы байланыстар шектеулі болып табылады. Негізгі қиындықтар командалық жұмыстың әлсіздігімен, коммуникациялық үдерістердің жеткіліксіздігімен және хабарлаудың ықтимал жағымсыз салдарларына қатысты алаңдаушылықпен байланысты.
Түйінді сөздер
кеңейтілген мейіргерлік тәжірибекәсіби ортажағымсыз оқиғалар туралы хабарлаунауқас қауіпсіздігіуәждемекомандалық жұмыс
Қ.А. УТЖАНОВА, Г.Е. АИМБЕТОВА, Д.Н. МАХАНБЕТКУЛОВА, А.Ш. АЙМАХАНОВА, Ж.М. МУХАМЕДКЕРІМ. КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӘЖІРИБЕДЕГІ МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ОҚИҒАЛАРДЫ ХАБАРЛАУ ПРАКТИКАСЫ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 76(1). doi: 10.53065/kaznmu.2026.76.1.001