Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 4 · 2025
FAMCARE ВАЛИДТЕЛГЕН САУАЛНАМАСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ХОСПИСТЕГІ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕКТІҢ САПАСЫНА ТУЫСТАРЫНЫҢ ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Аңдатпа
Түйіндеме Кіріспе. Паллиативтік көмектің сапасына туыстарының қанағаттанушылығы – хоспис қызметінің тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Халықаралық деңгейде кеңінен қолданылатын FAMCARE сауалнамасы Қазақстан жағдайында бұрын пайдаланылмаған. Мақсаты. Хоспистегі паллиативтік көмектің сапасына туыстарының қанағаттанушылығын валидтелген орыс-қазақ нұсқасы FAMCARE сауалнамасы арқылы бағалау және оны медициналық сауаттылық деңгейімен және ұйымдастырушылық факторлармен байланысын талдау. Материалдар мен әдістер. Зерттеуге хоспис пациенттерінің 100 туысы қатысты. Сауалнама екі тілде бейімделіп (RU/KZ), пилоттық апробация және психометриялық талдау жүргізілді (Кронбах альфа=0,82). Медициналық сауаттылық деңгейі қосымша сұрақтар арқылы анықталды. Салыстыру төмен деңгейдегі (n=56) және жеткілікті деңгейдегі (n=44) топтар арасында жүргізілді. Нәтижелер. Жалпы орташа FAMCARE ұпайы 3,3±0,75 болды. Ең төмен көрсеткіш «Психоәлеуметтік қолдау» блогында (3,1±0,9), ең жоғарысы – «Қолжетімділік және үйлестіру» блогында (3,6±0,8) тіркелді. Төмен сауаттылығы бар туыстар жоғары қанағаттанушылық көрсетті (3,45±0,6 қарсы 2,95±0,6; p=0,004). Ең үлкен айырмашылықтар «Ақпарат» (p=0,018) және «Қолжетімділік/үйлестіру» (p=0,015) блоктарында анықталды. Корреляциялық талдау жалпы қанағаттанушылықтың дәрігерді күту уақытымен (ρ=–0,48; p=0,002), медбикені күту уақытымен (ρ=–0,41; p=0,006) және төсек орнына күту уақытымен (ρ=–0,36; p=0,011) кері байланысты көрсетті. Қорытынды. FAMCARE сауалнамасының орыс-қазақ нұсқасы жоғары сенімділікті және Қазақстан жағдайында қолдануға жарамдылығын көрсетті. Қанағаттанушылық деңгейі медициналық сауаттылық пен ұйымдастырушылық факторларға тәуелді, бұл ақпараттық қолдауды күшейту, мамандардың қолжетімділігін арттыру және көмекті үйлестіруді жақсарту қажеттілігін айқындайды.
Түйінді сөздер
паллиативтік көмекқанағаттанушылықFAMCAREмедициналық сауаттылықвалидтеу.
А.К. КАТАЕВА, М.А. БАЙМУРАТОВА, М.В. ЛАКТИОНОВА, М.З. САРСЕНБАЕВА, Д.Б. АБДУКАЛИКОВА, М.М. МАККА. FAMCARE ВАЛИДТЕЛГЕН САУАЛНАМАСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ХОСПИСТЕГІ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕКТІҢ САПАСЫНА ТУЫСТАРЫНЫҢ ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 75(4). doi: 10.53065/kaznmu.2025.75.4.005