Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 4 · 2025

ОҚУ КҮНІНІҢ ЕРТЕ БАСТАЛУ ЖАҒДАЙЫНДА ХРОНОТИП, ҰЙҚЫ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ: АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ

Аңдатпа

Кіріспе. Жасөспірімдік кезең циркадтық фазаның ығысуымен, оқу жүктемесінің артуымен және созылмалы ұйқы тапшылығымен сипатталады, бұл әсіресе мектеп сабақтарының ерте басталуы жағдайында когнитивтік тиімділікті төмендетуі мүмкін. Мақсаты. 15–16 жастағы жасөспірімдерде хронотиптердің құрылымын және ұйқы сипаттамаларын бағалау және ерте басталатын оқу күні жағдайында таңертеңгі тестілеу кезінде олардың жады, зейін және өзін-өзі бағалау көрсеткіштерімен байланысын талдау. Материалдар мен әдістер. Атырау қаласындағы жалпы білім беретін мектептің 9– 10 сыныптарында оқитын 100 оқушыға (15–16 жас) көлденең қималы бақылаулық зерттеу жүргізілді. Іріктеу қарапайым кездейсоқ таңдау әдісімен жүзеге асырылды. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер, ұйқы және сергектік параметрлері, хронотип (Хорн–Остбергтің таңертеңгілік–кешкілік сауалнамасының жасөспірімдерге бейімделген нұсқасы), когнитивтік функциялар мен зейін, өзін-өзі бағалау деңгейі бағаланды. Тексеру мектепте күннің бірінші жартысында (09:30–12:00) бетпе-бет жүргізілді. Нәтижелер. Түнгі ұйқының орташа ұзақтығы 6,32 ± 1,14 сағ болды, ұйқыға кетудің орташа уақыты 23:47 және ояну 06:55. Өзін-өзі бағалау деңгейі жасөспірімдердің 59,6%- ында жоғары болды. Хронотиптердің бөлінісі таңертеңгі емес түрлер жағына ығысқан: morning-түрі – 3,8%, intermediate түрі – 69,8%, evening түрі– 26,4%. Визуалды және сандық жады көрсеткіштері, жады көлемі және көру-қимыл реакциясының жұмысқа қабілеттілігі мен дәлдігінің интегралды индекстері «НС-Психотест» нормативтерінен статистикалық мәнді түрде төмен болды, ал қателіктер саны ұсынылған деңгейден сенімді түрде жоғары болды (бірқатар көрсеткіштер ірі эффект өлшемдерін көрсетті). Кеш хронотип визуалды (ρ = –0,41; p < 0,01) және сандық жадының (ρ = –0,38; p < 0,01) төмендеуімен және реакция қателіктері санының артуымен (ρ = +0,44; p < 0,001) байланысты болды. Хронотиптің өзін-өзі бағалаумен байланысы әлсіз және статистикалық мәнді емес болды (ρ = +0,12; p = 0,21). Қорытынды. Ерте басталатын оқу күні жағдайында жасөспірімдерде ұйқының қысқаруы мен аралық және кешкі хронотиптердің басым болуы таңертеңгі сағаттарда жадының, зейіннің және көру-қимыл реакциясы дәлдігінің объективті төмендеуімен қатар анықталды. Кешкі хронотип жоғары өзін-өзі бағалау сақталған жағдайда когнитивтік тиімділіктің неғұрлым айқын төмендеуімен байланысты, бұл evening түрлі жасөспірімдерді жоғары қауіп тобы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және созылмалы ұйқы тапшылығының профилактикасы мен мектеп кестесін қайта қарау қажеттілігін негіздейді.

Түйінді сөздер

Тәуліктік ырғақұйқының қанбауыжасөспіріместе сақтаузейінҚазақстан
Дәйексөз келтіру үшін
А.М. КАЛЕКЕШОВ, Э.А. КЫРБАСОВА, Е.Е. МАКАШЕВ, А.С. РИЗБЕКОВА, А.Б. ДЖУНУСОВА, М.Х. ПАРМАНБЕКОВА, А.Т. КУРБАНОВА, М.О. АЙТЖАНОВА, А.Ж.МОЛДАКАРЫЗОВА. ОҚУ КҮНІНІҢ ЕРТЕ БАСТАЛУ ЖАҒДАЙЫНДА ХРОНОТИП, ҰЙҚЫ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ: АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 75(4). doi: 10.53065/kaznmu.2025.75.4.004