Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 1 · 2025

ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГИПОГОНАДИЗМІ БАР ЕРЛЕРДЕГІ ЛИПИД АЛМАСУЫНЫҢ АНДРОГЕНДІК СТАТУСҚА ӘСЕРІ

Аңдатпа

Кіріспе. Тестостерон деңгейінің төмендеуі ер адамның көптеген ағзалары мен жүйелерінің қызметіне теріс әсер етеді, өмір сапасын және өмір сүру болжамын нашарлатады. Жасы ұлғайған ер адамдарда гипогонадизм жағдайында висцеральды семіздік тән. Бұл дене тұсындaғы және іш қуысының аймағындағы майдың артық жиналуы. Висцеральды майдың көбеюі половой гормондардың және липидтер алмасуының бұзылуына әсер етеді. Бұл факторлар бірлесіп, ер адамдарда ерте кезеңде және жасқа байланысты гипогонадизмнің дамуына және прогрессиясына әкеледі. Мақсат. Қазақ ұлтынан шыққан артық салмағы бар ер адамдар арасында тестостеронның фракциялары деңгейінің липидтер алмасу маркерлерімен байланысын бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеуге барлығы 417 адам қатысты. Олардың 135-і гипогонадизммен ауыратын науқастар, 282-і сау ер адамдар. Гипогонадизммен ауыратын науқастарда триглицеридтер деңгейінің статистикалық тұрғыдан маңызы бар артқаны (р < 0,001), ЛПНП және альбуминнің төмендегені (р < 0,001) байқалды. Сондай- ақ триглицеридтер деңгейінің референстік мәннен (1,7-2,25 mM/L) жоғары көтерілгені байқалды. Гормоналды статус зерттеуінде гипогонадизммен ауыратын ер адамдарда жалпы тестостеронның (р < 0,001) және ГСПГ деңгейінің (р < 0,001) бақылау тобымен салыстырғанда төмендегені анықталды. Сондай-ақ, ер адамдарда бос тестостеронның (р = 0,3), биожетімді тестостеронның (р = 0,1) және ЛГ деңгейінің (р = 0,6) бақылау тобымен салыстырғанда төмендегені байқалды, бірақ статистикалық мәні жоқ. Нәтижелер. Артық салмақ пен семіздік тестостеронның фракцияларының төмендеуіне әсер етеді. Зерттеу барысында жалпы тестостерон деңгейінің (р < 0,001) және ГСПГ деңгейінің (р < 0,001) бақылау тобымен салыстырғанда төмендегені байқалды. Сонымен қатар, бос тестостерон (р = 0,3), биожетімді тестостерон (р = 0,1) және ЛГ (р = 0,6) деңгейінің бақылау тобына қарағанда төмендегені байқалды. Корреляциялық талдау тестостеронның андрогендік статус көрсеткіштерімен (жалпы тестостеронмен (р=0,001), ГСПГ-мен (р=0,014)) теріс әлсіз корреляция бар екенін көрсетті. Қорытынды. Жасы ұлғайған ер адамдарда абдоминальды семіздік тестостерон деңгейінің төмендеуіне және липидтер алмасуының бұзылуына себеп болады. Семіздік және дислипидемия — тестостерон деңгейінің төмендеуінің хронологиялық жасқа қарағанда кең таралған себептері. Осы деректерге сүйене отырып, артық салмағы мен дислипидемиясы бар ер адамдарда гипогонадизм белгілеріне ерекше назар аударуымыз керек.

Түйінді сөздер

андроген статусылипидтер алмасуыжасқа байланысты гипогонадизм
Дәйексөз келтіру үшін
М.Н. АККАЛИЕВ, М.Т. КУДЕРБАЕВ, С.С. БУХАРИЕВА, Р.Ж. БАЗАРБЕКОВ. ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГИПОГОНАДИЗМІ БАР ЕРЛЕРДЕГІ ЛИПИД АЛМАСУЫНЫҢ АНДРОГЕНДІК СТАТУСҚА ӘСЕРІ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 72(1). doi: 10.53065/kaznmu.2025.72.1.001