АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР

  • АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР
  • Жолдау хат
  • Жүктеп алу үшін құжаттар
  • Антиплагиат
  • Жарияланымдардың бағасы

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Жалпы ережелер

«ҚазҰМУ хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналы басылымға тек түпнұсқа мақалалар мен жүйелі шолуларды қабылдайды.

Түпнұсқа мақалалар халықаралық медициналық журналдар редакторларының нұсқаулығына (ICMJE) сәйкес IMRAD (Кіріспе, әдістер, нәтижелер және талқылау) құрылымын пайдаланып дайындалуы керек. Толық ақпаратты ресми сайтында алуға болады: https://www.icmje.org/recommendations/).

Жүйелі шолулар халықаралық PRISMA (Preferred Reporting Items for Systematic Reviews and Meta-Analyses) стандартына сәйкес болуы керек. Қосымша мәліметтер: https://www.prisma-statement.org/ .

Материалдардың басқа түрлері (жүйелі талдаусыз әдебиеттік шолулар, клиникалық жағдай туралы есептер, қысқаша баяндамалар, редакциялық мақалалар және т.б.) қарастырылмайды.

Барлық қолжазбалар міндетті түрде екі жақты соқыр рецензиялаудан өтеді. Статистикалық өңдеудің дұрыстығына қатысты қандай да бір күмән туындаса, редакторлар бастапқы деректерді сұрау құқығын өзіне қалдырады.

Редакция сонымен қатар мақаланың мағынасын өзгертпейтін мәтінге редакциялық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Осы талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбалар журнал редакциясымен қарастырылмайды.

Қолжазбаны жіберу

Қолжазбалар тек журналдың веб-сайтындағы мақалаларды электронды түрде тапсыру порталы арқылы қабылданады: https://vestnik.kaznmu.edu.kz. Ол үшін автор тіркеліп, жүйеге логин мен пароль арқылы кіруі қажет. Қолжазбалар журнал талаптарына сәйкес кестелермен, суреттермен және оларға жазылған түсіндірмелермен бірге MS Word форматында жүктеледі. Қолжазбаны электронды портал арқылы жіберу кезінде «Жолдау хат» және «Авторлық құқықты беру нысаны» атты қол қойылған нысандарды жүктеу қажет. Егер қолжазбаны жіберу барысында техникалық қиындықтар туындаса, редакцияға келесі электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: vestnikkaznmu@kaznmu.kz.

Қолжазбаны дайындау үдерісін жеңілдету мақсатында авторлар журнал редакциясы әзірлеген қолжазба үлгілерін пайдалана алады. Үлгілер үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде – қолжетімді және журнал талаптарына сай барлық стильдік және құрылымдық элементтерді қамтиды. Үлгі файлдары журналдың ресми сайтында https://vestnik.kaznmu.edu.kz/ орналасқан «Авторлар үшін» → « Жүктеп алу үшін құжаттар» бөлімінде берілген.

Қолжазбаны дайындау және жіберу алдында авторларға әртүрлі зерттеу түрлерінің нәтижелерін жариялауға арналған халықаралық стандарттармен танысу ұсынылады.
• Рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер (РБЗ): CONSORT
• Диагностикалық сынақтар: STARD
• Рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің мета-талдауы: QUOROM
• Бақылау зерттеулері: STROBE
• Бақылау зерттеулерінің мета-анализі: MOOSE
• Жүйелі шолулар мен мета-талдаулар: PRISMA
• Жануарларға жүргізілетін зерттеулер: ARRIVE

Рәсімдеуге қойылатын талаптар

• Мәтін Microsoft Word форматында, қаріпі Times New Roman, өлшемі 12 pt, жоларалық интервал – 1,0 болуы тиіс.
• Парақтың бағдарлануы – тік (портреттік). Барлық жағынан өрістер – 2,5 см.
• Беттер титулдық парақтан бастап нөмірленеді.
• Кестелер мен суреттер мәтінде алғаш рет аталғаннан кейін бірден немесе оларды қабылдауға ең қолайлы жерде орналастырылады.
• Бейнелер мен суреттер анық белгіленіп, нөмірленуі тиіс. Олар кемінде 300 dpi рұқсаттылығында және жоғары айқындықты қамтамасыз ету үшін JPEG форматында ұсынылуы қажет.
• Түпнұсқа мақаланың көлемі – 2000–3000 сөз (аннотацияны, алғыстарды, әдебиеттерді, кестелер мен суреттерді есептемегенде).
• Жүйелі шолудың көлемі – 5000 сөзге дейін.
• Әдебиеттер тізіміндегі дереккөздердің саны:
o түпнұсқа мақалалар – 20–40 сілтеме,
o жүйелі шолулар – кемінде 30, жоғары шегі негізделген жағдайда шектелмейді.
o Әдебиеттер тізімінде қазіргі заманғы дереккөздер басым болуы тиіс. Соңғы 10 жылда жарияланған еңбектердің үлесі жалпы пайдаланылған дереккөздердің кемінде 75 % құрауы қажет.

Мақаланың құрылымы

Алғашқы бет

1. Мақала атауы (180 таңбадан аспауы тиіс, қысқартуларды қолдануға жол берілмейді).

2. Авторлардың тегі мен инициалдары.

3. Авторларға тиесілі ұйымдардың атаулары. Авторлардың аффиляциялары жоғарғы индекс түрінде көрсетіледі.

Түйіндеме және түйінді сөздер

Түйіндеме қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (300 сөзге дейін) ұсынылады. Түпнұсқа мақалалар мен жүйелі шолулар үшін түйіндеме құрылымдалған түрде болуы керек және келесі бөлімдерді қамтиды:
• Кіріспе
• Мақсат
• Материалдар мен әдістер
• Нәтижелер
• Қорытынды

KТүйінді сөздер: MeSH бойынша 5–6 термин (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/mesh/), үтір арқылы бөлінуі қажет.

Кіріспе

Бұл бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы қысқаша сипатталады, осы тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерде бар мәліметтер және авторлар өз жұмысы арқылы толтыруды мақсат ететін білімдегі бар олқылықтар көрсетіледі. Осылайша, «Кіріспе» бөлімі зерттеуді жүргізудің қажеттілігін дәлелді түрде негіздеуі тиіс. Соңында зерттеудің мақсаты мен міндеттері тұжырымдалады. Бұл бөлімнің көлемі компьютерлік мәтіннің 1 бетінен аспағаны жөн.

Материалдар мен әдістер

• Зерттеу түрі (эксперименттік, бақылаулық, жүйелі шолу және т.б.).
• Зерттеу қатысушылары, қосу және шығару критерийлері.
• Өлшеу әдістері, аппаратура, дозалары мен өндірушілері көрсетілген препараттар.
• Этикалық аспектілер (этикалық комитеттің мақұлдауы, Хельсинки декларациясының сақталуы және т.б.).
• Статистикалық деректерді өңдеу әдістері (бағдарламалар, нұсқалар және статистикалық критерийлер көрсетілуі міндетті).

Нәтижелер

Зерттеудің негізгі нәтижелері логикалық ретпен баяндалады. Кестелер мен суреттерді қолдану ұсынылады. Кестелер мен иллюстрацияларда көрсетілген барлық сандық деректерді егжей-тегжейлі қайталаудың қажеті жоқ. Назарды негізгі нәтижелер мен маңызды заңдылықтарға аудару керек. Мәтінде «Материалдар мен әдістер» бөлімінде көрсетілген барлық негізгі және қосымша нәтижелер туралы ақпарат берілуі тиіс.

Талқылау

Алынған деректерді интерпретациялау, басқа зерттеулердің нәтижелерімен салыстыру, жұмыстың күшті және әлсіз жақтары, болашақ зерттеулердің перспективалары.

Қорытынды

Қойылған мақсаттарға сәйкес негізгі нәтижелердің қысқаша қорытындысы.

Мүдделер қақтығысы

Бұл бөлімде авторлар әлеуетті немесе нақты мүдделер қақтығысының бар-жоғын көрсетеді. Бұған қаржылық қатынастар, ұйымдарға мүше болу, кеңес беру, патенттер, демеушілік, сондай-ақ нәтижелерді түсіндіруге әсер етуі мүмкін кез келген басқа факторлар жатады. Егер мүдделер қақтығысы жоқ болса, келесідей жазу қажет: «Авторлар мүдделер қақтығысының жоқтығын мәлімдейді».

Авторлардың үлесі

Авторлық орындалған жұмысқа елеулі үлес қосқан тұлғалармен ғана шектелуі тиіс. Әрбір автор өз рөлін көрсетеді, мысалы: Тұжырымдама, ХХ және YY; әдістеме, ХХ; бағдарламалық қамтамасыз ету, ХХ; валидация, ХХ, YY және ZZ; формальды талдау, ХХ; зерттеу, ХХ; ресурстар, ХХ; деректерді басқару, ХХ; жазу – қолжазбаның бастапқы нұсқасын дайындау, ХХ; жазу – рецензиялау және өңдеу, ХХ; визуализация, ХХ; жетекшілік, ХХ; жоба әкімшілігі, ХХ; қаржыландыруды қамтамасыз ету, YY.

Бөлімнің соңында келесі мәлімдеме көрсетілуі тиіс: «Барлық авторлар қолжазбаның жарияланған нұсқасын оқып, онымен келісті. Авторлар бұл материалдың бұрын жарияланбағанын және басқа баспаларда қарастырылмағанын мәлімдейді».

Қаржыландыру

Осы бөлімде зерттеудің қаржыландыру көздері көрсетіледі: гранттар, бағдарламалар, жобалар, демеушілік. Міндетті түрде грант нөмірі (болған жағдайда), ұйымның атауы және елі көрсетіледі. Егер қаржыландыру болмаған болса, келесідей жазу қажет: «Зерттеуді қаржыландыру көзі жоқ».

Алғыстар

Бұл бөлімде зерттеуге қатыспаған, бірақ оның жүргізілуіне өз үлесін қосқан жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға алғыс білдіріледі. Мысалы: кеңестік көмек, техникалық қолдау, деректер жинауға көмек. Егер алғыс білдіру қажет болмаса, бұл бөлімді қоспауға болады.

Әдебиеттер тізімі

• Сілтемелер Vancouver стилі бойынша рәсімделеді.
• Мәтінде тік жақшалар қолданылады: [1], [2,5], [3–6].
• ≤6 автор болған жағдайда барлығы көрсетіледі; >6 болғанда – алғашқы алтысы және et al.
• Журнал атаулары NLM Catalog бойынша қысқартылып жазылады.
• DOI болған жағдайда оны көрсету міндетті.
• Орыс және қазақ тілдеріндегі дереккөздер үшін түпнұсқа сілтеме және келесі жолда оның транслитерациясы беріледі (сілтеме: http://translit.net/).

Мысалдар:

Журналдық мақала (6 авторға дейін):
Пішімі:
Автор(лар). Мақаланың атауы. Журналдың атауы. Жыл; том(шығарылым):беттер. DOI
Мысал:
Smith J, Brown K, Ahmed R, Li Y, Tanaka H, Ivanov P. Advances in cardiovascular imaging. J Clin Invest. 2022;130(5):1123–34.https://doi.org/10.1172/JCI123456

Журналдық мақала (7 және одан көп авторлар)
Пішімі:
Алғашқы алты автор, et al. Мақаланың атауы. Журналдың атауы. Жыл; том(шығарылым):беттер. DOI
Мысал:
2.Johnson M, Lee A, Chen W, Rodríguez L, Patel R, Müller T, et al. Global strategies for diabetes care. Lancet. 2021;398(10295):1234–45. https://doi.org/10.1016/S0140-6736(21)00234-1

Кітаптағы бөлім (редакторлар көрсетілген)
Пішімі:
Бөлім автор(лар)ы. Бөлімнің атауы. In: Редактор(лар), editors. Кітаптың атауы. Басылым. Қала: Баспа; Жыл. p. беттер.
Мысал:
3. White P, Black R. Imaging biomarkers. In: Green D, Taylor M, editors. Modern radiology. 2nd ed. New York: Springer; 2020. p. 154–96.

Кітап (монография)
Пішімі:
Автор(лар). Кітаптың атауы. Басылым. Қала: Баспа; Жыл. p. беттер.
Мысал:
4. Patel R, Müller T. Clinical endocrinology. 3rd ed. London: Elsevier; 2018. p. 200–315.

Электрондық ресурс
Пішімі:
Ұйым немесе автор. Парақтың немесе құжаттың атауы [Internet]. Қала: Баспа; Жыл [қаралған күні]. Available from: URL
Мысал:
5. World Health Organization. Coronavirus disease (COVID-19) dashboard [Internet]. Geneva: WHO; 2021 [cited 2025 Oct 2]. Available from: https://www.who.int

Конференция материалдары
Пішімі:
Автор(лар). Баяндаманың атауы. In: Конференцияның атауы; күндері; өткізу орны. Қала: Баспа; Жыл. p. беттер.
Мысал:
6. Li Y, Ahmed R, Ivanov P. Novel tracers for PET/CT. In: Proceedings of the International Congress on Nuclear Medicine; 2022 Sep 12–15; Tokyo, Japan. Tokyo: MedPubl; 2022. p. 50–6.

Кітап
Пішімі:
Автор(лар). Кітаптың атауы. Басылым (егер бар болса). Қала: Баспа; Жыл. p. беттер.
Мысал:
7. Brown K, White P. Reproductive health and biomarkers. Oxford: Oxford University Press; 2021. p. 50–220.

Орыс немесе қазақ тіліндегі мақала
Пішімі:
Автор(лар). Мақаланың атауы. Журналдың атауы. Жыл; том(шығарылым):беттер. DOI Одан кейін – журнал атауының транслитерациясы мен аудармасы.
Мысал:
8. Иванов И.В., Петрова А.Н. Современные подходы к терапии миомы матки. Акушерство и гинекология. 2020;10(4):55–62. https://doi.org/10.1234/abcde
Ivanov IV, Petrova AN. Sovremennye podkhody k terapii miomy matki. Akush Ginekol (Mosk). https://doi.org/10.1234/abcde
9. Сейдахметова А.К., Нургалиев Б. Репродукциялық денсаулық биомаркерлері: эпидемиологиялық зерттеу. Ғылым және Білім. 2022;15(2):120–34. https://doi.org/10.5678/xyz123
Seidakhmetova AK, Nurgaliyev B. Reproduktsiyalyk densaulyk biomarkerleri: epidemiologiyalyk zertteu. Gylym zhane Bilim. 2022;15(2):120–34. https://doi.org/10.5678/xyz123

Авторлар туралы
Қолжазбаның соңында авторлар туралы мәліметтер үш тілде: орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде берілуі тиіс.
Төмендегідей көрсетіледі:
• Толық аты-жөні (ретімен берілген, корреспондент автордың деректердің алдына @ белгісі қойылады)
• Ғылыми дәрежесі және атағы (бар болған жағдайда).
• Лауазымы және жұмыс орны(мекеменің толық атауы, қала, ел).
• Электрондық пошта.
• ORCID идентификаторы (әр автор үшін қажет).

Рәсімдеу үлгісі:
Information about authors
Авторлар туралы мәліметтер
Иванов Сергей Иванович, кардиолог, м.ғ.д., кардиология бөлімінің меңгерушісі, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ, Астана, Қазақстан, ivanovaa@cardio.kz, https://orcid.org/0000-0001-2345-6789.
@Канатов Айдос Икрамович, биоинформатик, PhD, «National Laboratory Astana» ЖШҚ, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан, seriklyza.bio@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-9876-5432.
Сведения об авторах
Иванов Сергей Иванович, кардиолог, д.м.н., заведующий отделением кардиологии, НАО «Национальный научный центр кардиохирургии», Астана, Казахстан, ivanovaa@cardio.kz, https://orcid.org/0000-0001-2345-6789.
@Канатов Айдос Икрамович, биоинформатик, PhD, ЧУ «National Laboratory Astana», Назарбаев Университет, Астана, Казахстан, seriklyza.bio@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-9876-5432.

Ivanov Sergey Ivanovich, cardiologist, Doctor of Medical Sciences, Head of the Cardiology Department, NJSC "National Scientific Cardiac Surgery Center", Astana, Kazakhstan, ivanovaa@cardio.kz, https://orcid.org/0000-0001-2345-6789.
@Kanatov Aidos Ikramovich, bioinformatician, PhD, Private Institution "National Laboratory Astana", Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan, seriklyza.bio@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-9876-5432.

Авторлық құқық:

Басылымға қабылданған қолжазбаның авторлық құқығы журналға беріледі. Сондықтан авторлық құқықты беру формасына корреспондент автор мен басқа авторлар қол қоюы керек. Қолжазбаны редакция осы жазбаша нысанды алғанға дейін қарауға қабылдауға болмайды. Авторлық құқықты беру нысаны журналдың https://vestnik.kaznmu.edu.kz/ ресми сайтында «Авторлар үшін» → «Жүктеп алуға арналған құжаттар» бөлімінде.орналастырылған

Редакция ескертпесі:

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар 2025 жылғы 1 қазанда бекітілген журналдың редакциялық алқасының ұсынымдарын ескере отырып, ішінара түзетілді.

Өзгерістер қолжазбаның құрылымын нақтылауға, әдебиеттер тізімін рәсімдеуге және жекелеген техникалық аспектілерге (үлгілер, мәтін көлемі және т.б.) қатысты.

Авторларға мақаланы дайындамас бұрын жаңартылған нұсқамен мұқият танысу қатты ұсынылады.

ЖОЛДАУ ХАТ

Ілеспе хат журналдың бас редакторының атына жазылады және келесі ақпаратты қамтуы керек: 1. Қолжазбаның атауы
2. Барлық авторлардың тегі, аты, әкесінің аты және жұмыс орны
3. Редакциямен әрі қарай хат алмасуға жауапты автордың тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы және жұмыс орны. Редакциямен әрі қарай хат алмасуға жауапты автордың пошталық мекенжайы телефоны, факсы, электронды мекенжайы.
4. Қолжазбадағы сөздер саны (конспект, библиография, кестелер мен суреттерді қоспағанда)
5. Кестелер мен суреттер саны
6. Қолжазбаның берілген күні
7. Редакциямен хат алмасуға жауапты автордың қолы
8. Авторлар осы мақалада ұсынылған материалдардың басқа басылымда жарияланбағанына редакцияны сендіруі керек. Бұл материалдың кейбір бөліктері әлдеқашан жарияланған және қайталанатын деп саналуы мүмкін екенін ескертеміз. Мұндай жағдайларда жаңа мақалада бұрынғы жұмысқа сілтемелер болуы керек. Мұндай материалдардың көшірмелері қолжазбаға қоса беріледі, осылайша редакторлар бұл жағдайда не істеу керектігін шешуге мүмкіндік алады. Басқа басылымдарда жарияланған немесе жариялауға ұсынылған мақалаларды басқа баспаларға жіберуге жол берілмейді.
9. Мүдделердің ықтимал қақтығыстарын ашу. Авторлар сондай-ақ мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін қаржылық немесе басқа қатынастар туралы мәлімдемені ұсынуы керек. Мысалы, егер препараттың клиникалық сынағы жүргізілсе, зерттеуші мен зерттелетін дәріні шығаратын фармацевтикалық компания арасындағы қарым-қатынасты көрсетіңіз.
10. Ілеспе хатта журналдың редакциясына пайдалы кез келген басқа ақпарат болуы мүмкін


Жолдау хат

Антиплагиат

thumb1

Жарияланымдардың бағасы

2025 жылдың үшінші шығарылымынан бастап баға тізімі: Жүктеу
Баспагер редакциялық және жариялау процестеріне байланысты басқа да шығындарды көтереді.
Авторлар төлемді тек мақала жариялауға қабылданғаннан кейін ғана жүзеге асырады. Авторлар тарапынан алдын ала төлем жасауға жол берілмейді және ол рецензиялау нәтижесіне әсер етпейді.