Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 2 · 2025

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕГІ НУТРИТИВТІК ИНТЕРВЕНЦИЯ: ДӘЛЕЛДІК НЕГІЗ

Аңдатпа

Түйіндеме Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердегі когнитивтік даму, әсіресе мидың дамуының сыни кезеңдерінде, тамақтану мәртебесіне сезімтал процесс ретінде жиі қарастырылады. Микронутриенттердің когнитивтік қызметке әсерін зерттеген көптеген рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер (РБЗ) мен когорталық зерттеулерге қарамастан, олардың нәтижелері популяциялар, интервенция түрлері, бастапқы жетіспеушілік деңгейі және бағалау құралдарының айырмашылығына байланысты қарама-қайшы болып қалуда. Мақсаты. Бұл мета-талдау қазіргі ғылыми деректерді жалпылау арқылы нутритивтік интервенциялардың мектеп жасындағы популяцияда когнитивтік функцияға әсерін бағалауға бағытталған. Әдістері. PubMed, Cochrane Library, Embase, Scopus және Google Scholar дерекқорларында 2007 жылдан 2024 жылға дейін PRISMA 2020 ұсынымдарына сәйкес жүйелі іздеу жүргізілді. Зерттеуге 18 жасқа дейінгі балаларға бағытталған, тағамдық қоспалар, байытылған өнімдер немесе модификацияланған диеталардың когнитивтік көрсеткіштерге әсерін бағалаған РБЗ мен проспективті когорталық зерттеулер енгізілді. Жүйелі қателік қаупі ROB-2 құралымен бағаланды. Мета-талдау үшін DerSimonian–Laird әдісімен кездейсоқ әсерлер моделі қолданылды, стандартталған орташа айырмашылықтар (SMD) және 95% сенімділік интервалдары (CI) есептелді. Подтоптық және сезімталдық талдау жүргізілді; жарияланымдық бейтараптық шұңқыр диаграммалар мен Эггер тесті арқылы бағаланды. Нәтижелері. Қорытынды талдауға он алты зерттеу (13 РБЗ, 3 когорталық/аралас дизайн) енгізілді. Интервенциялар бір микронутриентті (мысалы, D дәрумені, омега-3) қоспалардан бастап көпкомпонентті формулаларға дейін әртүрлі болды. Когнитивтік нәтижелер жады, атқарушы функциялар, назар аудару және ақпаратты өңдеу жылдамдығын қамтыды. Жалпы әсер статистикалық тұрғыдан мәнді болды (SMD = 0.34; 95% CI: 0.18–0.50; p < 0.001), орташа гетерогенділікпен (I² = 52.7%). Топ аралық талдау зейін тапшылығы және гиперактивтілік синдромы/аутисттік спектр бұзылысы бар балаларда (SMD = 0.48), бастауыш сынып оқушыларында (SMD = 0.36), сондай-ақ тамақтану тапшылығы бар аймақтарда (SMD = 0.41) әсерлердің күштірек екенін көрсетті. Қатысқан зерттеулердің басым бөлігі (n = 10) жүйелі қателік қаупінің төмен деңгейін көрсетті; үш зерттеу – рандомизация немесе нәтижелерді бағалау айқын еместігіне байланысты жоғары тәуекелге ие болды. Қорытынды. Нутрициялық интервенциялар әсіресе осал топтардағы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, когнитивтік функцияларына орташа, бірақ тұрақты оң әсер етеді. Бұл деректер нысаналы стратегиялар мен мінез-құлықтық терапия сияқты біріктірілген тәсілдердің когнитивтік нәтижелерді оңтайландырудағы маңыздылығын көрсетеді. Алайда зерттеу дизайндарындағы өзгергіштік пен интервенциялардың қысқа мерзімділігі ұзақ мерзімді және контекстке бейімделген зерттеулердің қажеттілігін айқындайды.

Түйінді сөздер

нутритивтік интервенциякогнитивтік дамубалаларжасөспірімдермикроэлементтер
Дәйексөз келтіру үшін
А.А. АБДУЛДАЕВА, Д.А. ЖУБАНОВА. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕГІ НУТРИТИВТІК ИНТЕРВЕНЦИЯ: ДӘЛЕЛДІК НЕГІЗ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 73(2). doi: 10.53065/kaznmu.2025.73.2.005