Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 2 · 2026

ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ БҰЗЫЛУЫНДАҒЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ДӘЛДІК ПЕН ТЕРАПИЯЛЫҚ ҰТЫМДЫЛЫҚ: ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Аңдатпа

Кіріспе. Қышқыл-сілтілік жағдайдың бұзылыстары қарқынды терапия бөлімшелерінде жиі кездесетін, жедел және дәл түзетуді талап ететін критикалық жағдайлар болып табылады. Бұл зерттеу ятерогендік қателерді азайту мақсатында клиникалық шешім қабылдауды қолдайтын қолжетімді жүйе ретінде үлкен тілдік модельдердің әлеуетін қарастырады. Мақсаты. ChatGPT негізіндегі жасанды интеллект пен қарқынды терапия дәрігерлері ұсынған осы бұзылыстардың диагностикасының дәлдігін және терапиялық ұсынымдардың негізділігін салыстыру. Материалдар мен әдістер. Зерттеу дизайны: ретроспективті, бір орталықты, салыстырмалы зерттеу. Талдауға 2024–2025 жылдар аралығында қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдаған пациенттердің 302 клиникалық-зертханалық жағдайы енгізілді. Prompt engineering әдістерін қолдану арқылы «ReanimatorKZ» деп аталатын ChatGPT-тің бейімделген моделі әзірленді. Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылыстары бойынша ChatGPT пен қарқынды терапия дәрігерлерінің қорытындыларына салыстырмалы сараптамалық бағалау жүргізілді. Статистикалық талдау StatTech v.4.12.7 және SPSS Statistics 27.0.1 бағдарламаларының көмегімен орындалды. Нәтижелері. Дәрігерлер тобында диагностикалық дәлдік 71,2% толық дұрыс, 24,8% ішінара дұрыс және 4,0% қате қорытындыларды құрады. ChatGPT толық қате диагностикалық қорытындылардың төмен үлесін көрсетті (2,0%), ал толық дұрыс диагноздардың үлесі 64,9% болды. Дәрігерлердің емдік стратегиялары жағдайлардың 60,9%-ында толық дұрыс деп бағаланса, ChatGPT ұсынымдары 89,7% жағдайда толық дұрыс болды және толық қате ұсынымдар анықталған жоқ. Статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар жұпталған тесттер арқылы расталды (p < 0,05). Қорытынды. ChatGPT-тің бейімделген нұсқасы қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылыстарын анықтауда қарқынды терапия дәрігерлерімен салыстырмалы жоғары диагностикалық дәлдік көрсетті, сондай-ақ осы бұзылыстарға қатысты емдік ұсынымдарды қалыптастыруда жоғарырақ дәлдікке ие болды. Зерттеу нәтижелері кеңінен қолжетімді жасанды интеллект модельдеріне негізделген тиімді және оңай масштабталатын клиникалық шешім қабылдауды қолдау жүйелерін әзірлеу әлеуетін растайды. Алайда мұндай жүйелерді күнделікті клиникалық тәжірибеге енгізер алдында қосымша проспективті валидация қажет.

Түйінді сөздер

жасанды интеллектқарқынды терапияклиникалық шешім қабылдауды қолдау жүйелеріChatGPTдиагностика дәлдігі
Дәйексөз келтіру үшін
С.Т. АМРИН, А.С. САТБАЕВА, А.А. АБДУСЕМЯТОВА, Е.А. ДҮЙСЕН. ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ БҰЗЫЛУЫНДАҒЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ДӘЛДІК ПЕН ТЕРАПИЯЛЫҚ ҰТЫМДЫЛЫҚ: ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 77(2). doi: 10.53065/kaznmu.2026.77.2.005