Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 3 · 2025

ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУДАҒЫ КЕТОГЕНДІ ДИЕТА

Аңдатпа

Кіріспе. Фармакорезистентті эпилепсия және балалардағы эпилепсиялық синдромдар өзекті клиникалық мәселе болып қала береді. Кетогенді диета (КД) – жоғары майлы және төмен көмірсулы метаболикалық араласу, ол ұстамалардың жиілігін азайту және нейрокогнитивті жағдайды жақсарту үшін тиімді әдіс ретінде қарастырылады. Мақсаты. Бұл зерттеудің мақсаты – оңалту мекемесінде фармакорезистентті эпилепсиясы бар балаларда КД-ның тиімділігін және көтерімділігін бағалау. Материалдар мен әдістер. Проспективті обсервациялық зерттеу Ұлттық балаларды оңалту орталығында (Астана қ., Қазақстан) 2022 жылғы қаңтардан 2025 жылғы наурызға дейін жүргізілді. Зерттеуге 1 жастан 27 жасқа дейінгі (медиана – 8 жас) 30 пациент енгізілді, олардың фармакорезистентті эпилепсиясы немесе эпилепсиялық синдромдары расталған. КД классикалық арақатынаста (2:1, 3:1 және 4:1) антиэпилептикалық терапия аясында қолданылды. Тиімділік 4, 6, 12 және 12–18 айлық терапия кезеңінде ұстамалар жиілігінің төмендеуі бойынша бағаланды. Қосымша ЭЭГ динамикасы, когнитивті статус және жанама әсерлер ескерілді. Статистикалық талдау SPSS 25 бағдарламасында орындалды. Нәтижелер. 4 айлық терапиядан кейін клиникалық маңызды жауап (ұстамалардың ≥50% төмендеуі немесе ремиссия) 22 пациентте (73,3%) байқалды. 6-айда оң динамика 13 пациентте (56,5%), 12-айда – 15 пациенттің 7-інде (46,7%), 12–18 айда – 17 пациенттің 7-інде (41,2%) сақталды. Айқын когнитивті бұзылыстар КД тиімділігінің төмендігімен ассоциацияланды (p=0,04). Диетаның толық курсын аяқтау оң нәтижеге қол жеткізген пациенттерде жиірек байқалды (p=0,006). Жанама әсерлер көбінесе жауап болмаған топта тіркелді (p=0,03), ауыр асқынулар анықталған жоқ. Қорытынды. COVID-19 инфекциясы ұзақ мерзімді өлім-жітім, инсульт немесе миокард инфарктісі деңгейіне айтарлықтай әсер етпегенімен, артериялық гипертензия, темекі шегу және созылмалы стресс нашар нәтижелермен байланысты болды. Бұл нәтижелер эндоваскулярлық стенттеуден өткен науқастарда жүрек-қантамырлық қауіп факторларын басқарудың маңыздылығын көрсетеді.

Түйінді сөздер

кетогенді диетаэпилепсиярезистенттілікбалалароңалтудиетотерапия
Дәйексөз келтіру үшін
Ж.А. МЕДЕТБЕКОВА, А. ҒИНИЯТ, С. АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, А.С. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Д.А. ЕРЕЖЕПОВ, А.Қ. ҒАБДУЛКАЮМ. ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУДАҒЫ КЕТОГЕНДІ ДИЕТА. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 74(3). doi: 10.53065/kaznmu.2025.74.3.001