Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 2 · 2025
А. ИБРАЕВА 1,2, Д.А. ОСПАНОВА 3, Қ. САДУҚАСОВА 3,
Аңдатпа
Кіріспе. Медициналық қызметкерлердің аурушаңдығы мен оған байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық күндері денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық тұрақтылығы мен тиімділігіне елеулі әсер етеді. Мақсаты. Бұл зерттеудің мақсаты – кәсіби, әлеуметтік-демографиялық және мінез-құлықтық факторлардың медициналық қызметкерлер арасындағы уақытша еңбекке жарамсыздық жиілігіне әсерін бағалау. Әдістері. Кросс-секциялық зерттеуге 1211 медициналық қызметкер қатысты. Жынысы, жасы, еңбек өтілі, жұмыс тәртібі, зиянды әдеттердің болуы және соңғы бір жылдағы еңбекке жарамсыздық күндерінің саны бағаланды. Сипаттамалық статистика, t-тест, ANOVA және көптік сызықтық регрессия әдістері қолданылды. Нәтижелер. Еңбекке жарамсыздық күндерінің орташа саны жылына 3,51 күнді құрады (SD=1,72). Салыстырмалы талдауда еңбек өтілі артқан сайын (p=0,0027) және зиянды әдеттері бар қызметкерлер арасында (p<0,0001) еңбекке жарамсыздық күндерінің санының статистикалық тұрғыдан айтарлықтай өсуі байқалды. Қызметкерлердің жынысы және түнгі кезекшіліктердің әсері статистикалық тұрғыдан маңызды болмады. Регрессиялық модельде еңбек өтілі (β=0,14; p=0,0001) және зиянды әдеттер (β=0,19; p<0,0001) еңбекке жарамсыздық күндерінің санына тәуелсіз әсер етуші факторлар ретінде қалды. Қорытынды. Зерттеу нәтижелері бойынша медициналық қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына ең елеулі әсер ететін факторлар – кәсіби еңбек өтілі мен зиянды әдеттердің болуы. Алынған деректер медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу және ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу кезінде ескерілгені жөн.
Түйінді сөздер
медициналық қызметкерлеруақытша еңбекке жарамсыздықеңбек өтілізиянды әдеттеррегрессиялық талдау
Е. ЖҮСІПОВА, Р. СҮЛЕЙМЕНОВА, Д.Е. ГИЗАТ. А. ИБРАЕВА 1,2, Д.А. ОСПАНОВА 3, Қ. САДУҚАСОВА 3,. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 73(2). doi: 10.53065/kaznmu.2025.73.2.004