Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 1 · 2025
ЖЕРГІЛІКТІ ЗЕРТХАНА ЖАҒДАЙЫНДА CAR-T ЖАСУШАЛЫҚ ПРЕПАРАТЫН ӘЗІРЛЕУ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛЖЕТІМДІ ТЕРАПИЯҒА АДАМ
Аңдатпа
Кіріспе. Химералық антигендік рецепторлар (CAR-T) негізіндегі терапия – рефрактерлі онкогематологиялық ауруларды емдеудегі серпінді бағыттардың бірі болып табылады. Алайда бұл әдістің қолданылуы өндірістің күрделілігі мен құнының жоғары болуына байланысты шектеулі. Қазақстанда жыл сайын шамамен 180–240 науқас осындай терапияға мұқтаж, бірақ оларға қолжетімділік іс жүзінде жоқ. Мақсаты. Зерттеу мақсаты — CD19 антигеніне спецификалық CAR-T жасушаларын алу үшін автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып, жергілікті және стандартталған өндіріс протоколын әзірлеу. Материалдар мен әдістер. CD19 CAR рецепторын кодтайтын лентивирустық векторларды пайдалана отырып, Т-лимфоциттерді бөліп алу, белсендіру және трансдукциялау үшін CliniMACS Prodigy автоматтандырылған платформасы қолданылды. CAR-T жасушаларының функционалдық белсенділігі протокеттік цитометрия әдісімен CD19- (K562) және CD19+ (Raji) жасушалық желілерінде зерттелді. Сапаны бақылау стерильділікті, репликацияға қабілетті вирустың болмауын және жасушалық препараттардың фенотиптік сипаттамаларын бағалауды қамтыды. Нәтижелер. Стерильділік, репликацияға қабілетті вирустың болмауы және CD3+CAR+ жасушаларының үлесі (75,18%) сияқты халықаралық стандарттарға сай келетін CAR-T жасушалық препараттары алынды. In vitro жағдайындағы тәжірибелерде CAR-T жасушаларының CD19+ нысан-жасушаларына (Raji) қатысты жоғары спецификалық цитоуыттылығы көрсетілді, ал CD19− жасушаларына қатысты спецификалық емес лизис мардымсыз болды. Жасалған және валидацияланған протокол өндірісті стандарттауға және CAR-T терапиясының Қазақстандағы қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижелер CAR-T жасушалық препараттарын жергілікті деңгейде тиімді өндіру мүмкіндігін дәлелдейді, бұл өңірдегі ауыр гематологиялық аурулары бар науқастарды емдеу келешегін айтарлықтай жақсарта алады. Қорытынды. Ұсынылған CliniMACS Prodigy платформасы негізінде CD19- спецификалық CAR-T жасушаларын өндіру протоколы халықаралық талаптарға сәйкес келеді және B-жасушалы онкогематологиялық ауруларды емдеуге арналған жоғары сапалы жасушалық препараттар алуға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер
CAR-T жасушаларыCD19лентивирустық векторТ-лимфоциттер трансдукциясы
Д. МЕНЛАЯКОВА, А. ШУСТОВ, Ш. ТАНАБАЕВА, С. ЛИ, Д. ГИЗАТ, П. ЕЛЯСИН, А. ИБРАЕВА. ЖЕРГІЛІКТІ ЗЕРТХАНА ЖАҒДАЙЫНДА CAR-T ЖАСУШАЛЫҚ ПРЕПАРАТЫН ӘЗІРЛЕУ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛЖЕТІМДІ ТЕРАПИЯҒА АДАМ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 72(1). doi: 10.53065/kaznmu.2025.72.1.003