Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 1 · 2025
ҚАЗАҚСТАН ПОПУЛЯЦИЯСЫНДАҒЫ АТОПИЯЛЫҚ ДЕРМАТИТТІҢ ГЕН ПОЛИМОРФИЗМДЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа
Кірспе. Атопиялық дерматит тағамдық аллергия, аллергиялық ринит және астма сияқты аллергиялық аурулар тобына жатады. Атопиялық дерматит рецидивтермен сипатталатын кең таралған созылмалы гетерогенді қабынатын тері ауруы. Оның дамуына ықпал ететін негізгі факторлар – генетикалық бейімділік, эпидермиялық барьердің бұзылуы және иммундық жүйенің дисфункциясы. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстан тұрғындары арасында атопиялық дерматит гендерінің полиморфизмін зерттеу. Материалдар мен әдістер. Біздің жағдайда, зерттеуге атопиялық дерматитпен ауыратын 322 адам және 328 сау бақылау тобы қатысты. Барлығы 120 бірнуклеотидтік полиморфизм (SNP) Quant Studio 12K Flex нақты уақыттағы ПТР жүйесі арқылы скринингтен өтті және генотиптелді. Нәтижелер. Сегіз SNP (rs79497729, rs12144049, rs2321443, rs3091307, rs3208007, rs10995245, rs56302621, rs72823628) және атопиялық дерматит арасында маңызды байланыстар анықталды. Қорытынды. Біздің деректеріміз атопиялық дерматитте SNP әсерінің қазіргі түсінігін растайды және кеңейтеді. Зерттеу маңызын атап өтсек, зерттеу Қазақстан популяциясының ерекшеліктеріне назар аударуымен ерекшеленеді және зерттеу мәліметтері аз немесе мүлдем жоқ Орталық Азия жөнінде құнды ақпарат береді.
Түйінді сөздер
атопиялық дерматитбірнуклеотидтік полиморфизмгенотиптерпопуляциялық зерттеу
Ж.Б. ТІЛЕУЛЕС, А. ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, Ж.Н. АХМЕТОВА, К.Д. КОВАЛЕВА, Г.С. БІСМІЛДИНА, А.М. ТЛЕНШИЕВА, Д.Б. ТУРАРОВА, А.Ж. КАУЫСБЕКОВ, Г.К. САРЫБАЕВА, Д.Е. РЫСБЕКОВА, Г.С. ЖУНУСОВА, З.С. КАЧИЕВА. ҚАЗАҚСТАН ПОПУЛЯЦИЯСЫНДАҒЫ АТОПИЯЛЫҚ ДЕРМАТИТТІҢ ГЕН ПОЛИМОРФИЗМДЕРІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 72(1). doi: 10.53065/kaznmu.2025.72.1.002