Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 2 · 2026
1-(3-АМИНОПРОПИЛ)-1Н-ИМИДАЗОЛДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ ТӨМЕН УЫТТЫ ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕТИКТЕР РЕТІНДЕ
Аңдатпа
Кіріспе. Зерттеу нысаны ретінде әр түрлі фармакологиялық белсенділікке ие және фармакохимияда кең ауқымды қолдану мүмкіндігі бар аминопропилимидазол туындылары таңдалды. Мақсаты. Жұмыстың мақсаты жаңа аминопропилимидазол туындыларының кейбір биологиялық әсерін зерттеу болды. Бұл зерттеуде біз зертханалық жануарларға жасалған экспериментте жедел уыттылық пен жергілікті анестезияның белсенділігін зерттедік. Материалдар мен әдістер. Қосылыстардың жедел уыттылығын зерттеу сау, жыныстық жетілген, сызықты емес тышқандарда жүргізілді. Инфильтрациялық анестезия кезінде жергілікті жансыздандыру белсенділігін зерттеу теңіз шошқаларының еркектеріне Bulbring және Wajda әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Өткізгіштік анестезия кезіндегі жергілікті анестезияның белсенділігін эксперименттік зерттеу үшін «құйрықты тартып алу» әдісі қолданылды. Нәтижелер. Қосылыстар төмен уыттылықты көрсетті, сонымен қатар өткізгіштік және инфильтрациялық анестезия үлгілерінде жергілікті жансыздандыру белсенділігін зерттеу кезінде новокаин көрсеткіштерінен асып түсетін әртүрлі дәрежелі оң әсерді көрсетті. Қорытынды. Алынған нәтижелер жаңа жергілікті анестетиктерді жасау мақсатында созылмалы уыттылықты зерттеуді және оңтайлы емдік дозаларды анықтауды қоса алғанда, кеңейтілген клиникаға дейінгі зерттеулер шеңберінде осы қосылыстарды одан әрі терең зерттеуге негіз бола алады.
Түйінді сөздер
аминопропилимидазол туындыларыуыттылықжергілікті жансыздандырғыш белсенділікөткізгіштік анестезияинфильтрациялық анестезия
Д.М. СЕРДАЛИЕВА, Э.М. САТБАЕВА, М.Д. ХАЙИТОВА, А. КАЛДЫБАЕВА, А. МАЛМАКОВА, В.К. Ю, В.В. ТРУБАЧЕВ, М.К. БАЛАБЕКОВА, Г.К. КАЙРАНБАЕВА, З.Ж. БАТАГОЕВА, Т.С. НУРГОЖИН. 1-(3-АМИНОПРОПИЛ)-1Н-ИМИДАЗОЛДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ ТӨМЕН УЫТТЫ ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕТИКТЕР РЕТІНДЕ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 77(2). doi: 10.53065/kaznmu.2026.77.2.009