Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 2 · 2026
ПСОРИАЗБЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ СЕМІЗДІКПЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ ҚАУІП: КЛИНИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ROC-ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЛДЫ СКРИНИНГТІК ИНДЕКС
Аңдатпа
Түйіндеме Кіріспе. Псориаз метаболикалық синдроммен (МС), абдоминалдық семіздікпен, инсулинге төзімділікпен және атерогенді дислипидемиямен байланысты жүйелік иммундық-қабыну ауруы ретінде қарастырылады. Қолданыстағы МС критерийлері қалыптасқан бұзылыстарды анықтайды, ал тәжірибеде псориаз және дене салмағы жоғары пациенттерде қауіп деңгейін ерте стратификациялау маңызды. Мақсаты. Псориазбен ауыратын пациенттерде семіздікпен байланысты метаболикалық қауіп деңгейін стратификациялау үшін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің ақпараттылығын бағалау. Материалдар мен әдістер. Алматы қаласының тері-венерологиялық диспансерінде бақыланған, псориазы расталған және дене салмағының индексі (ДСИ) > 28 кг/м² болатын 150 ересек пациенттің қатысуымен бір орталықты бақылау зерттеуі жүргізілді. Жынысы, жасы, PASI индексі, артериялық қысым (АҚ), бел айналымы, жалпы холестерин, триглицеридтер (ТГ), төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП), жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП), ашқарындағы глюкоза және гликозирленген гениоглобин (HbA1c) бағаланды. Аналитикалық бөлімде семіздік ДСИ ≥ 30 кг/м² ретінде қарастырылды; ROC-талдаудың есептік құрылымы бойынша 75 пациентте ДСИ 28,0–29,9 кг/м², 75 пациентте ДСИ ≥ 30 кг/м² болды. Көрсеткіштер ROCталдау арқылы таңдалып, шектік мәндері Юден индексі бойынша анықталды. Интегральді скринингтік индекс (ИСИ) эмпирикалық ықтималдықтардың орташа арифметикалық мәні ретінде есептелді. Нәтижелер. Жеті көрсеткіш статистикалық маңызды дискриминациялық қабілет көрсетті: бел айналымы (ROC қисығының астындағы аймақ = 0,975; p < 0,001), HbA1c және ТГ (ROC қисығының астындағы аймақ = 0,684), ашқарындағы глюкоза (ROC қисығының астындағы аймақ = 0,650), жас (ROC қисығының астындағы аймақ = 0,643), ЖТЛП (ROC қисығының астындағы аймақ = 0,628) және ТТЛП (ROC қисығының астындағы аймақ = 0,607). PASI индексі, АҚ, жалпы холестерин және жыныс бұл таңдамада статистикалық маңызды байланыс көрсеткен жоқ. Жеті көрсеткіш негізінде ИСИ ұсынылды: <0,4 – төмен қауіп, 0,4–0,6 – аралық қауіп, >0,6 – жоғары қауіп. Қорытынды. Ұсынылған скринингтік индекс МС диагнозын алмастырмайды, бірақ псориазы бар және ДСИ > 28 кг/м² пациенттерді тереңдетілген эндокринологиялық тексеруге іріктеу үшін алдын ала құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Индексті клиникалық тәжірибеге енгізу үшін қосымша валидациялық зерттеулер қажет.
Түйінді сөздер
псориазсеміздікметаболикалық синдромROC-талдаускринингтік индексқауіп стратификациясы.
Б.Ә. ЖҰМАБЕКОВА, Г.К. АСКАРОВА, Ж.А. АКАНОВ, В.Б. КАМХЕН, М.К. БАЛТАБАЕВ. ПСОРИАЗБЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ СЕМІЗДІКПЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ ҚАУІП: КЛИНИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ROC-ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЛДЫ СКРИНИНГТІК ИНДЕКС. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 77(2). doi: 10.53065/kaznmu.2026.77.2.004