Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 1 · 2026
ҚЫРЫМ–КОНГО ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ ВИРУСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИКСОДТЫҚ КЕНЕЛЕР ПОПУЛЯЦИЯСЫНДАҒЫ S ЖӘНЕ L СЕГМЕНТТЕРДІ СЕКВЕНИРЛЕУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ
Аңдатпа
Кіріспе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесіне сәйкес, Қырым– Конго геморрагиялық қызбасының (ККГҚ) вирусы жоғары өлім–жітімге, лицензияланған вакциналардың және спецификалық вирусқа қарсы терапияның болмауына байланысты жоғары басымдықтағы патогендерге жатады. Қазақстан Республикасында ККГҚ табиғи ошақтары Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында орналасқан, мұнда жыл сайын ауру жағдайлары тіркеледі. Мақсаты. 2025 жылы Түркістан облысы аумағында Hyalomma asiaticum кенелерінде анықталған ҚКГҚ вирусы РНҚ изоляттарының генетикалық сипаттамасын жүргізу және олардың филогенетикалық орнын анықтау. Материалдар мен әдістер. ҚКГҚ вирусы РНҚ–сының төрт үлгісіне секвенирлеу жүргізіліп, кейін нуклеотидтік тізбектерге GenBank дерекқоры және филогенетикалық талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер. Зерттелген төрт үлгінің үшеуінде амплификация байқалды. ҚКГҚ вирусының геномының S және L фрагменттерінің филогенетикалық талдауы Түркістан облысында анықталған барлық изоляттардың Asia 2 генотипіне жататынын көрсетті. S– фрагментті талдау Қазақстан мен Тәжікстанда айналымда жүрген штаммдармен жоғары нуклеотидтік гомологияны (97,9%–ға дейін) анықтады. L–фрагменттің филогенетикалық ағашы изоляттардың бірінің Қазақстандық штаммдармен кластерленуін көрсетті, бұл ретте ең жоғары сәйкестік (98,2%–ға дейін) Тәжікстан штаммымен байқалды. Жұптық салыстырмалы талдау №20 және №21 изоляттары арасында 100% сәйкестікті көрсетті, ал №22 изолят үлкен дивергенциямен (2,6%–ға дейін) және басқа үлгілерден салыстырмалы генетикалық алшақтығымен сипатталды. Зерттелген изоляттар кластеры жоғары статистикалық қолдауға ие болды (95–98%). Қорытынды. Алынған нәтижелер зерттелген изоляттардың ҚКГҚ вирусының Asia 2 ортаазиялық желісіне жататынын растайды және осы генотиптің Түркістан облысының табиғи ошағында айналымда екенін көрсетеді. Зерттелген үлгілер арасында вирустың басқа генотиптерінің болу белгілері анықталған жоқ. Алынған деректер Орталық Азия өңірінде Asia 2 генотипінің басым екендігі туралы бұрын жарияланған нәтижелермен сәйкес келеді. Жүргізілген зерттеу вирустың филогенетикалық тиесілігін нақтылау және оның табиғи ошақтардағы генетикалық әртүрлілігін мониторингтеу үшін молекулалық– генетикалық әдістер мен секвенирлеудің маңыздылығын көрсетеді.
Түйінді сөздер
Қырым–Конго геморрагиялық қызбасыOrthonairovirusHyalommaфилогениянуклеотидтік тізбекгенотипҚазақстан
Т.И. НҰРМАХАНОВ, Н.А. ТҮРЕБЕКОВ, А.К. РЫСБЕКОВА, С.К. УМАРОВА, Б.К. АЙМАХАНОВ, М.В. КУЛЕМИН, Р.М. БОРАНБАЕВА, Д.К. КАМАЛОВА, А.Б. ШЕВЦОВ. ҚЫРЫМ–КОНГО ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ ВИРУСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИКСОДТЫҚ КЕНЕЛЕР ПОПУЛЯЦИЯСЫНДАҒЫ S ЖӘНЕ L СЕГМЕНТТЕРДІ СЕКВЕНИРЛЕУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 76(1). doi: 10.53065/kaznmu.2026.76.1.004