Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 4 · 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ БОЛЖАУШЫЛАРЫ

Аңдатпа

Кіріспе. Қазақстан суицидтік өлім-жітім деңгейі орташа-жоғары елдер қатарына жатады, сонымен бірге жастар арасындағы пресуицидтік жағдайлар мен суицидтік мінез- құлықтың психоәлеуметтік детерминанттары туралы деректер шектеулі. Мақсаты. Қазақстан Республикасының 18–40 жастағы жастары арасында әлеуметтік орта факторлары, психотравмалық оқиғалар және тұлғаішілік сипаттамалардың суицидтік мінез-құлық қаупімен байланысын анықтау. Материалдар мен әдістер. Рандомизациясыз, деректерді деидентификациялау жүргізілген қолданбалы салыстырмалы зерттеу жүргізілді, оған ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына және Алматы қ. Психикалық денсаулық орталығына (2025 ж. қаңтар–маусым) жүгінген 18–40 жастағы 100 қатысушы енгізілді. Бірінші топ (n=30) – суицидтік үрдістері бар тұлғалар (суицидтік ойлар және/немесе суицид жасауға талпыныстар), екінші топ (n=70) – қауіп тобы (депрессия, мазасыздану, стресс, психобелсенді заттарды теріс пайдалану, тұлғалық бұзылыстар). Авторлық әлеуметтанулық-клиникалық сауалнама, DASS-21 шкаласы, Пайкельдің суицидтік тәуекел сауалнамасы қолданылды. Статистикалық талдау Пирсонның χ²- сынамасын, Фишердің дәл критерийін және Спирменнің рангілік корреляциясын қамтыды (α=0,05). Нәтижелер. Суицидтік үрдістері бар қатысушыларда неғұрлым төмен білім деңгейі және қолайсыз еңбек жағдайы жиірек тіркелді (p<0,05), отбасылық салада дезадаптация, ата-аналық отбасында бақыт пен қауіпсіздік сезімінің болмауы, отбасылық атмосфераның шиеленісуі, сенімді қарым-қатынастардың тапшылығы байқалды (бірқатар ассоциациялар p<0,05). Осы топта компьютерлік тәуелділік (36,6% қарсы 15,7%; p<0,05), өрескел мазақ ету, зорлық-зомбылық және өмірлік жоспарлардың күйреуі, сондай-ақ айқын көңіл-күй өзгерістері мен қажытатын (навязчивые) ойлар едәуір жиі тіркелді (p<0,01). Қауіп тобы үшін психобелсенді заттарға тәуелділіктің таралу жиілігінің жоғары болуы тән (60% қарсы 16,7%; p<0,001). DASS-21 бойынша екі топта да депрессия, мазасыздану және стресстің орташа және жоғары деңгейлері анықталды, бұл ретте бірінші топта DASS және Пайкель сауалнамасының орташа балдары (8,56 балл) күшті оң корреляция көрсетті (Rs 1,0-ге дейін; p<0,05), ал екінші топта – орташа және жоғары корреляция (Rs 0,61-ге дейін; p<0,05). Қорытынды. Жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық қаупі қолайсыз әлеуметтік детерминанттардың (төмен білім деңгейі, жұмыссыздық, отбасылық дисфункция, психотравмалық өмірлік оқиғалар) және тұлғаішілік факторлардың (депрессия, мазасыздану, стресс, көңіл-күйдің өзгермелігі, қажытатын ойлар, тәуелділік мінез-құлқы) үйлесімімен ассоциацияланған. Алынған деректер суицидтік тәуекелді ерте скринингтеуде DASS-21 мен Пайкель сауалнамасын қолданудың орынды екенін растайды және Қазақстанның негізгі өңірлерінде ауқымды популяциялық зерттеу жүргізудің қажеттілігін негіздейді.

Түйінді сөздер

суицидбио-психо-әлеуметтік модельжастардепрессиямазасыздықстрессDASS (Depression Anxiety Stress Scale) шкаласыПайкель сауалнамасы (Paykel)
Дәйексөз келтіру үшін
Л.М. ЖАМАЛИЕВА, А.Т. ЕСКАЛИЕВА, А.А. АБЕТОВА, Н.Б. ЕСИМОВ, Р.Х. МУЗАФАРОВ, Ш.М. ТЛЕУБАЕВА, С.К. КУДАЙБЕРГЕНОВА, Д.А. АБЕТОВА, Ш.С. ЖАКИЕВА, Г.Р. САТТАРОВ, И.Г. СМОЛИНОВ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ БОЛЖАУШЫЛАРЫ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 75(4). doi: 10.53065/kaznmu.2025.75.4.003