Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 3 · 2025

ТҰРАҚТЫ КЕЗЕҢДЕГІ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ ӨКПЕ АУРУЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ САНАТОРИЙЛІК-КУРОРТТЫҚ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРМЕН ЕМДЕУ ТИІМДІЛІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ ЖӘНЕ МЕТААНАЛИЗ

Аңдатпа

Кіріспе. Дәрілік емес санаторийлік-климаттық тәсілдер (акватерапия, климато- /бальнеотерапия, спелео-/галотерапия) тұрақты ағымдағы созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) кезінде стандартты өкпелік оңалтуды толықтырушы ретінде қарастырылады, алайда дәлелді база жеткіліксіз және фрагментарлы. Мақсаты. Тұрақты СОӨА бар науқастарда санаторийлік-климаттық және сабақтас араласулардың өкпе функциясына, жүктемеге төзімділікке және өмір сапасына ықпалын бағалау. Материалдар мен әдістер. PRISMA 2020 қағидаттарына сәйкес жүйелі шолу жүргізілді. Іздеу дерекқорлары: PubMed/MEDLINE, Scopus, Web of Science, Cochrane Library; жариялану жылы бойынша шектеусіз; соңғы іздеу – 2025 ж. Тұрақты СОӨА бар науқастарды қамтыған рандомизацияланған бақылатын зерттеулер (РБЗ), бақыланатын және проспективті дейін/кейінгі зерттеулер енгізілді; араласулар: акватерапия/суда жаттығулар, таулы климатотерапия/санаторийлік бағдарламалар, спелео-/галотерапия; салыстырмалы топ: стандартты терапия/оңалту немесе оның болмауы. Алғашқы нәтижелер: FEV1, 6 минуттық жүру сынамасы (6MWT) және оның эквиваленттері, SGRQ/CAT/SF-36 сауалнамалары. Жүйелі қателіктердің тәуекелі: RoB-2/ROBINS-I құралдарымен бағаланды. Нәтижелер. Барлығы 316 жазба анықталып, 9 зерттеу енгізілді: 4 РБЗ, 3 бақыланатын, 2 квази-эксперименттік; зерттеулер географиясы: Словакия (3), Бразилия (2), Ресей (2), Швеция (1), Иран (1). FEV1: 3 зерттеуде жақсару байқалды (біреуінде әсер көлемі η2=0,218; біреуінде p<0,001); 1 РБЗ-де әсер болмады; тағы 2 жұмыста FEV1 өлшенгенімен, нәтижелері көрсетілмеген. 6MWT және оның эквиваленттері: 6 зерттеуде жақсару (біреуінде η2=0,771; бірнешеуінде p≤0,05); 2 зерттеуде деректер берілмеген. Өмір сапасы: 7 зерттеуде жақсару (SGRQ/SF-36), 1 РБЗ-де CAT бойынша бейтарап нәтиже. SGRQ бойынша минималды клиникалық маңызды айырмашылыққа (MCID) жету 1 зерттеуде көрсетілді: 81,1% (MCID 4) және 72,2% (MCID 7). Жағымсыз құбылыстар бойынша мәліметтер шектеулі. Негізгі тәуекелдер: шағын іріктемелер, толық емес рандомизация/соқырлау. Қорытынды. Санаторий-климаттық және су бағдарламалары тұрақты СОӨА бар науқастарда жүктемеге төзімділікті және өмір сапасын жүйелі түрде жақсартады; FEV₁ көрсеткішіне әсері тұрақсыз және ұзақ мерзімді протоколдарды талап етуі мүмкін. Негізгі кемшілік – нәтижелерді стандарттау, әсер көлемдерін (effect size)/MCID және қауіпсіздік (жағымсыз құбылыстар, өршулер). Сол себепті, кемінде 6–12 айлық бақылаумен және бірыңғай соңғы нүктелер жиынтығы болатын көлемді, жақсы жоспарланған РБЗ-лер қажет.

Түйінді сөздер

өкпе ауруыоңалтугидротерапияклиматотерапияспелеотерапияжүктемеге төзімділік
Дәйексөз келтіру үшін
С.А. КАИРГЕЛЬДИНА, К.С. АБСАТТАРОВА, М.Б. БАУРЖАН, К.О. ТЕКЕБАЕВ, К.Б. АБЗАЛИЕВ, С.А. АБЗАЛИЕВА, Н.В. СЛИВКИНА, Н.С. САГАНДЫКОВА, Қ.Б. СҮЙІНДІК. ТҰРАҚТЫ КЕЗЕҢДЕГІ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ ӨКПЕ АУРУЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ САНАТОРИЙЛІК-КУРОРТТЫҚ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРМЕН ЕМДЕУ ТИІМДІЛІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ ЖӘНЕ МЕТААНАЛИЗ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2025; 74(3). doi: 10.53065/kaznmu.2025.74.3.006