Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 4 · 2024
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АЯҚТЫҢ ТАБАН СҮЙЕКТЕР СЫНЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа
Кіріспе. Аяқ сүйектерінің сынуы педиатриялық тәжірибеде барлық қаңқа сүйектерінің сынуының шамамен 10% құрайды. Рентгенография балалардағы аяқтың сынуын диагностикалаудың негізгі әдісі болып қала береді, бірақ рентгендік көріністі дәл түсіндіру үшін диагностикалық қателіктер қаупін азайту және ықтимал асқынуларды уақтылы анықтау үшін қаңқаның даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Зерттеудің мақсаты- рентгенологиялық зерттеуге сәйкес балалар мен жасөспірімдердегі аяқ сүйектерінің сыну ерекшеліктерін зерттеу. Әдістері. 01.09.2023 - 31.12.2023 аралығандағы Алматы қаласының №2 ҚБКА қабылдау бөліміне жедел табан жарақатымен түскен 1159 науқастың медициналық құжаттары мен рентгенологиялық зерттеу нәтижелеріне сараптама жүргізілді. Зерттеуге қосу критерийлері 1 жастан 18 жасқа дейінгі науқастар және анамнезінде жедел табан жарақатының болуы деп табылды. Нәтижелері. Рентгенологиялық мәліметтердің қорытындысы бойынша, табан сүйегінің сынуы 471 жағдайда (40,6%), табан жұмсақ тіндердің соғылуы 674 жағдайда (58,2%), табан сүйегінің жұмсақ тіндерінің ашық жыртылған жарасы 12 жағдайда (1,0%), табан сүйегінің жұмсақ тіндерінің травмадан кейінгі инфильтраты 2 жағдайда (0,2%) болып келді. Табан сүйегінің сынуының негізгі себептері тұрмыстық, спорттық, жол- көлік оқиғасы екені анықталды. Локализациясы бойынша 18 жасқа дейінгі табан сүйегінің сынуы жиі табанның алдыңғы бөлімінде 462 (98%), ортаңғы бөлімінде (7 – 1,6%), 2 (0,4%) жағдайда табанның артқы бөлімінде кездесті. Рентгенограммаларда көбінесе қиғаш сынықтар (42,7%), «жасыл бұтақ типі» бойынша (32,7%) және эпифизеолиз (11,5%) көрініс берді. Табан сүйегінің асқынуларының сараптамасы бойынша, жедел травма кезінде ығысқан сыныққа (17 – 3,6%) қарағанда, буынішілік сынуы (172 – 36,5%) жиірек кездесетіні анықталды. Қорытынды. Зерттеу деректері көрсеткендей балалардағы аяқ сүйектерінің сынуының көпшілігі 7 жастан 14 жасқа дейін, олардың арасында қыздармен салыстырғанда ұлдарда сыну қаупі айтарлықтай жоғары. Сондай- ақ, зерттеу нәтижелері бойынша алдыңғы аяқ сынған кезде ең осал локализация болып табылады. Нәтижелер балалардағы аяқтың сынуын дұрыс диагностикалау және емдеу үшін рентгенографияның маңыздылығын, сонымен қатар осы жас тобындағы жарақаттануды азайту үшін алдын алу шараларының қажеттілігін көрсетеді.
Түйінді сөздер
балаларда табан сүйегінің сынуырентгенография әдісіаяқтың табан сүйегінің жедел травмасы
Ж.К. ЖАКЕНОВА, Е.Л. ЛИ, А.Н. ЖУМАБАЕВА, Ж.Б. МАУЛЕНОВ, М.П. ӘБУБӘКІРОВА, А.Ә. ӘЛЖАН. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АЯҚТЫҢ ТАБАН СҮЙЕКТЕР СЫНЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2024; 71(4). doi: 10.53065/kaznmu.2024.71.4.003