Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 3 · 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХИАТРИЯДА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ТӘЖІРИБЕСІ
Аңдатпа
Кіріспе. Телемедицина – бұл телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан медициналық кеңес беру түрі. Қазақстанда телемедицина пандемия кезіндегі COVID-19 кезінде қарқынды дамыды, себебі бетпе-бет кеңес беру қиындық туғызды. Республика аумағында психиатриялық практикада телекеңес беру тәжірибесі бұрын-соңды зерттелмеген. Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығында» (РҒППДО) телемедициналық кеңес беру тәжірибесін алғаш рет зерттеу арқылы психиатриялық бағыттағы емдеу-диагностикалық қызметті жетілдіру. Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында 13 облыстан 53 телемедициналық өтініштің хаттамалары қарастырылды. Телемедициналық кеңес алған пациенттердің клиникалық және әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері зерттелді. Статистикалық талдау толық әдіс бойынша жүргізілді, экстенсивті және интенсивті көрсеткіштер, сондай-ақ Стюдент әдістемесі бойынша орташа мәндер есептелді. Нәтижелер. Онлайн консультациялардың саны жыл сайын өсіп отырды, және олардың басым көпшілігі бастапқы өтініштерді құрады (n=48 - 90,6%). Кеңес алған пациенттердің жасы 3-тен 74 жасқа дейін өзгеріп отырды, орташа жасы 26±3,6. Кеңес алғандардың басым бөлігі 13-тен 28 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар болды, орташа жасы 19±3,4. Қойылған диагноздардың диапазоны кең болды және невротикалықтан эндогенді деңгейге дейінгі психикалық ауытқуларды қамтыды. Сонымен қатар, ең жиі кездескен себеп – диагнозды тексеру және терапияны түзету сұрағы болды (n=39 - 73,6%). Қорытындылар. Қашықтықтан кеңес беруді дамытуға және аймақтық дәрігерлердің телемедицина технологияларына деген қызығушылығын арттыру қажеттілігі анықталды.
Түйінді сөздер
телемедицинателепсихиатрияпсихиатриядағы цифрландыру
С.З. ЕШИМБЕТОВА, Н.И. РАСПОПОВА, К.Т. САРСЕМБАЕВ, Н.Н. ЛОГАЧЕВА, О.Ю. КОКШИНОВА, Д.Ю. СТРУЧКОВА, К.С. ЗАПУНИДИ, Р.И. ЗИМУКОВА, Э.Ж. СЕРІКОВА. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХИАТРИЯДА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ТӘЖІРИБЕСІ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2024; 70(3). doi: 10.53065/kaznmu.2024.70.3.004