Мұрағатқа оралу
KZ · Шығарылым 2 · 2024

БАЛАЛАРДАҒЫ БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ЕМДЕУ НҰСҚАУЛАРЫН ҰСТАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аңдатпа

Кіріспе. Бронх демікпесі (БД) –балалық шақтағы ең жиі анықталған патологиялардың бірі болып табылады. Науқасты ұзақ уақыт бойы бақылау, емдеу кезінде ұстануды бағалау және оны бақылау аурудың өршу жиілігін азайтады, пациенттің өмір сүру сапасын жақсартады. Жұмыстың мақсаты: демікпемен ауратын балаларда емдеуді ұстану деңгейін бағалау. Материалдар мен әдістер. Ауруханада бронх демікпесімен (БД) ем қабылдап жатқан 518 балаға ретро және проспективті зерттеу жүргізілді (қалалық жерде тұратын науқастар – 81,3%, ауылды жерде тұратын науқастар – 18,7%). Деректер емдеу мекемесіне алғашқы жүгіну кезінде (T1) және алғашқы жүгінгеннен кейін 6 ай өткен соң (T2) жиналды. Барлық деректер сипаттамалық статистика әдістерін пайдалана отырып жинақталды. Категориялық көрсеткіштерді салыстыру үшін Хи-квадрат тесті қолданылды. Сондай-ақ 95% деңгейінде (СА 95%) тиісті сенімділік интервалдар есептелді. Нәтижелер. Ауылдық жерде тұратын демікпемен ауыратын балалармен салыстырғанда (17,5%), қалада тұратын балалардың отбасыларында (90,5%) материалдық жағдай салыстырмалы түрде жақсы болды. Білімділік бойынша қала балаларының ата-аналарының 95,5 % жоғары білімді болса, ауылдық жерде бұл көрсеткіш 12,4 % құрады. Қалалық балаларды ауруханадан шығару кезінде емді ұстану көрсеткіші 40,1 құрады. Бұл ауылдық жерлердегі бронх демікпесі бар балалардың ұстану нәтижелерінен жоғары болды – 38,9. 6 айдан кейін ауылдық жердегі балалардың терапияға бейімділік деңгейі қалада тұратын балалардың ұстануымен салыстырғанда 33,3-ке дейін төмендеді, қалалық жердегі науқастарды – 38,1. Қорытынды және талдау. Демікпемен ауыратын балалардың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын балалардың емдеу нұсқауларын ұстану төмен. Балалардың емдеу нұсқауларын ұстануы бойынша бұл нәтижелері әлеуметтік-экономикалық және тұрғын үй жағдайларының, өмір сүру сапасының салыстырмалы түрде төмен деңгейімен байланысты. Көбінесе балалар ауруханаға алғашқы түскен кезде орташа және ауыр жағдайда жатқызылды, бұл диагноздың кеш қойылуымен және ем нұсқауларын ұстанудың төмендігімен түсіндіріледі. Демікпесі бар балаларда емдеу нұсқауларын ұстануды арттыру үшін, ИГКС уақытылы қабылдауы үшін, науқастарға автоматты түрде еске салу функциясы бар мобильді қосымшаларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек.

Түйінді сөздер

балаларбронх демікпесіемделуі
Дәйексөз келтіру үшін
Е.Т. КОШЕРБЕКОВ, З.Г. ДАВЛЕТГИЛЬДЕЕВА, М.Қ. ӘКІМЖАН, А.Ж. ДҮЙСЕНБАЕВА, К.Б. ТАДЖИБАЕВА. БАЛАЛАРДАҒЫ БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ЕМДЕУ НҰСҚАУЛАРЫН ҰСТАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2024; 69(2). doi: 10.53065/kaznmu.2024.69.2.004