Мұрағатқа оралу
Дәйексөз келтіру үшін
KZ · Шығарылым 3 · 2026
ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КАТАРАКТА КЕЗІНДЕГІ МУЛЬТИФОКАЛЬДЫ КӨЗІШІЛІК ЛИНЗАЛАР МЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН ФОКУС ТЕРЕҢДІГІ БАР КӨЗІШІЛІК ЛИНЗАЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ВИЗУАЛДЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ, КӨРУ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
Аңдатпа
Кіріспе. Премиум интраокулярлы линзалар (ИОЛ) катаракта хирургиясы кезінде пресбиопияны түзетуге мүмкіндік береді. Мультифокальды ИОЛ бірнеше дискретті фокустар жасайды, ал кеңейтілген фокус тереңдігі (EDOF) линзалары аберрацияларды модификациялау арқылы үздіксіз көру диапазонын қамтамасыз етеді. Тиімділік, қауіпсіздік және фотофеномендер (гало, жарқыл) бойынша клиникалық таңдауды бағыттау үшін тікелей салыстыру қажет. Мақсаты. Егде жас катарактасында мультифокальды және EDOF ИОЛ-дың көру функцияларын, көру сапасы мен қауіпсіздігін жүйелі түрде салыстыру. Материалдар мен әдістер. PubMed/MEDLINE және Google Scholar дерекқорларында жүйелі іздеу жүргізілді (қаңтар 2020 – сәуір 2025). Қосу критерийлері: жасқа байланысты катарактасы бар ересек науқастар, екі жақты факоэмульсификация мен премиалды ИОЛ имплантациясынан өткен; басқа ИОЛ түрімен тікелей салыстыру болуы және сандық операциядан кейінгі нәтижелер болуы тиіс. Тікелей салыстырмалы деректері жоқ немесе бір жақты имплантация жасалған зерттеулер алынып тасталды. Жадад шкаласы (РКЗ) және Ньюкасл–Оттава шкаласы (бақылау зерттеулері) бойынша методологиялық сапа бағаланды. Он төрт бастапқы салыстырмалы зерттеу қосу критерийлеріне сәйкес келді. Салыстырмалы нәтижелерге кездейсоқ эффекттер моделін қолдана отырып мета-талдау жүргізілді; қалғандары нарративті түрде жинақталды. Нәтижелер. EDOF және гибридті мультифокальды-EDOF ИОЛ аралық көру өткірлігі мен кең функционалдық диапазонда артықшылықтар көрсетті. Трифокальды ИОЛ жақыннан көру және көзілдіріксіздік бойынша үздік болды. Алыстан көру өткірлігі барлық типтерде салыстырмалы болды. Фотофеномендердің жиілігі дизайнға байланысты өзгерді, бірақ анықтамалар біркелкі емес еді. Қорытынды. Премиум ИОЛ-дың әрбір түрі тиімділіктің бірегей профиліне ие. Мультифокальды және EDOF линзалар арасындағы таңдау пациенттің көру қажеттіліктерін жеке талдауға негізделуі тиіс: жақыннан көру басымдығы трифокальды ИОЛ-ға қолайлы, ал аралық көру мен мезопиялық жағдайдағы көру сапасына баса назар аудару EDOF ИОЛ-ға қолайлы.
Түйінді сөздер
катарактамультифокальды ИОЛEDOF ИОЛтрифокальды ИОЛдисфотопсия
М.Д. РАХИМОВА, Н.А. АЛДАШЕВА, Л.Н. ОРАЗБЕКОВ, З.Т. УТЕЛЬБАЕВА. ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КАТАРАКТА КЕЗІНДЕГІ МУЛЬТИФОКАЛЬДЫ КӨЗІШІЛІК ЛИНЗАЛАР МЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН ФОКУС ТЕРЕҢДІГІ БАР КӨЗІШІЛІК ЛИНЗАЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ВИЗУАЛДЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ, КӨРУ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ. ҚазҰМУ Хабаршысы. 2026; 78(3). doi: 10.53065/kaznmu.2026.78.3.002